Жамбылдық полицейлерге алғашқы болып отандық электромобильдер табысталды

0
2 671

Тәртіп сақшыларына берілген темір тұлпарлар тұтастай заманауи құралдармен жабдықталған.


Жамбылдық полицейлерге алғашқы болып отандық электромобильдер табысталды

ERNUR.KZ. Жамбылдық полицейлерге алғашқы болып отандық өндiрiсте жасалған электромобильдер табыс етілді, деп жазады polisia.kz.

"Мемлекет басшысының тапсырмасымен "шкә әстер министрлігінің және жергілікті әкімдіктің қолдауымен өңірлiк полиция қызметі жыл басынан бері 59 қызметтік автокөлікпен қамтамасыз етілді. Оның ішінде, республика бойынша алғаш рет қазіргі заман талаптарына сай, қоршаған ортаға залалсыз, отандық өндiрiсте жасалған 25 дана электромобиль алынды", – делінген мәліметте.

Тәртіп сақшыларына берілген темір тұлпарлар тұтастай заманауи құралдармен жабдықталған. Дыбыс күшейткіш қондырғысы мен рациясы бар. GPS жүйесі арқылы көліктердің қай бағытта жүргені орталықтан бақыланады.