Жаңа Конституцияда "Ұлы дала" ұғымы пайда болмақ

0
220


Жаңа Конституцияда

Фото: Ru.freepik.com
ERNUR.KZ 2025 жылы 31 қаңтарда Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасы жарияланды. Қазақстан Республикасының Ата Заңында “Ұлы дала” ұғымы пайда болуы мүмкін.

Жаңа Ата Заң былай деп басталады:

“Біз, біртұтас Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілікті нығайта отырып, Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығын сақтап, мемлекеттің унитарлы сипатын, оның шекарасы мен аумағының тұтастығына қол сұғуға болмайтынын нақтылап, Әділетті Қазақстан идеясын және Заң мен Тәртіп қағидатын ұстанып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары мүлтіксіз сақталатынын мәлімдеп, бірлік пен ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық татулық қағидаттарына сүйеніп, мәдениет пен білім, ғылым мен инновация құндылықтарын бағдарға алып, табиғатты аялау қажеттігін мойындап, бейбітшілікке және барлық елмен достыққа ұмтылып, келешек ұрпақ алдындағы аса жоғары жауапкершілікті сезініп, Қазақстан Республикасының Ата Заңын – осы Конституцияны қабылдаймыз”.

Аталған мәтіннен преамбулаға “Ұлы дала” ұғымы енгізіліп, сондай-ақ “Әділетті Қазақстан” және “Құқық пен тәртіп” ұғымдары да нақтыланғанын байқауға болады.