Ведомство басшысы елде "омикрон" штамы анықталғанын атап өтті.
ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады, деп жазады inbusiness.kz.
Алдымен министр оптимистік сценарийге тоқталды.
"Ревакцинациямен 100 пайызға дейін қамтылғанда, профилактика шараларын жаппай сақтағанда тәулігіне 17,5 мың жағдайға дейін тіркеледі", - деді басшы Үкімет отырысында.
Ол реалистік сценарийге сәйкес коронавирусқа қарсы вакцинаны қайта алғандар саны 70% төмен болса, әрі профилактика шараларын ішінара сақтаған күннің өзінде тәулігіне ауру жұқтырудың 25,5 мың жағдайға тіркелуі ықтимал екенін атап өтті.
"Пессимистік сценарий кезінде – ревакцинациямен 40% аз қамтылғанда, профилактика шараларын сақтамағанда тәулігіне 40 мыңға дейін жағдай тіркеледі", - деді Ажар Ғиният.