Мобильді қосымша ақпаратқа қолжетімділікті жақсартады.
ERNUR.KZ. Әділет министрлігі Республикалық ЖСО палатасымен бірлесіп АІЖО ААЖ мобильді қосымшасын әзірледі, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
АІЖО ААЖ ел азаматтарына атқарушылық іс жүргізу саласындағы сенімді ақпаратқа ыңғайлы әрі жедел қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Жоба мемлекеттік органдардың жүйелерімен біріктірілген.
Пайдаланушылар үшін келесідей қызметтер қолжетімді:
- бірыңғай тізілімінен борышкерлер туралы ақпаратты іздеу және қарыздарын төлеу.
- елден шығуға уақытша тиым салу мен шектеулерін тексеру.
- -олайн режимінде 30 минут ішінде қарызды толық өтеген кезде шектеу шаралары жойылады (елден шығуға, тіркеу әрекеттеріне тыйым салу, нотариаттық іс-әрекеттер, мемлекеттік сатып алуға қатысу және т.б)
- атқару құжатын іздестіру, оның жағдайы мен орналасқан жерін қадағалау.
- QR кодын сканерлеу арқылы мобильді құрылғыда сот орындаушысының шешімін алу.
Аталған мобильді қосымша азаматтардың атқарушы органдармен өзара іс-қимылын айтарлықтай жеңілдетіп, нақты және өзекті ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында Қазақстанды IT-елге айналдыру міндетін қойған болатын.
Осы тапсырманы орындау мақсатында Digital Justice жобасының портфелінің шеңберінде АІЖО ААЖ мобильді қосымшасы әзірленді және оған ешқандай бюджет қаражаты жұмсалған жоқ.
Айта кетейік бұл қосымшаны мобильдік App Store және GooglePlay платформасынан жүктеп алуға болады.