Жаңа жыл қарсаңында 10 жас ғалымға тұрғын үй сертификаты табысталды

0
73

Оның үшеуі Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде қызмет етеді.


Жаңа жыл қарсаңында 10 жас ғалымға тұрғын үй сертификаты табысталды

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында 10 жас ғалымға салтанатты түрде тұрғын үй сертификаттары табысталды. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл бастама жас ғалымдарды қолдауға, олардың ғылыми әлеуетін арттыруға және әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған, дейді министрлік.

Іс-шара барысында Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің үш жас ғалымы баспана сертификатына ие болған.

АШМ мемлекет тарапынан көрсетілген мұндай қолдау шаралары жас ғалымдардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, еліміздің ғылыми әлеуетін нығайтуға зор ықпал ететінін атап өтті.