Бүгін Ұлытау облысы ТЖД және жергілікті атқарушы органның күштері және құралдарымен жеті адамды іздеу жұмыстары сәтті аяқталды.
ERNUR.KZ. Жоғалған адамдар "Өлке" қыстағынан табылды. Медициналық көмек қажет болған жоқ, деп жазады inbusiness.kz.
Іздестіру жұмыстарына Ұлытау облысы ТЖ департаментінің жеке құрамынан 5 адам және 1 бірлік техника тартылды.
Айта кетейік, 11 наурызда мал іздеуге екі көлікпен 7 адам шығып, ауа-райына байланысты жолда адасып кеткен болатын.
Бұған дейін Ұлытау облысы ТЖД әлеуметтік желілерінде тұрғындарды қолайсыз ауа-райы жағдайлары туралы ескерту хабарландырулар таратқан еді.