Көтергіш агрегат алдағы аптада қолданысқа беріледі деп күтіліп отыр.
ERNUR.KZ. Маңғыстаудағы мұнай кен орындарында өңірде шығарылған техникалар пайдаланылады, деп жазады inform.kz.
Жаңаөзен қаласында «KZ Machinery» ЖШС-і «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның тапсырысы бойынша алғаш рет арнайы техниканы құрастыра бастады. Көтергіш агрегат алдағы аптада қолданысқа беріледі деп күтіліп отыр.
«Техниканың өндіріс ошағына жақын жерде құрастырылуы жұмыс барысын бақылап, ұсыныстарымызды уақытылы беріп отыруға ыңғайлы. Бұл техника біздің өндірістің талабына сай жасалып жатыр. Жергілікті өнімді қолдау - біздің басты ұстанымымыз. Кәсіпорынның өніміне тапсырыс көлемі ұлғайса, Жаңаөзен тұрғындарына көптеген жұмыс орындары ашылып, жүмыссыздықтың азаюына септігін тигізеді», - деді «Өзенмұнайгаз» компаниясының баспасөз қызметі.