Жаңаөзенде азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша комиссия жұмысын бастады

0
640

Жұмысқа қабылдау алгоритмінің толық ашықтығын қамтамасыз ету жөнінде комиссия құрылды.


Жаңаөзенде азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша комиссия жұмысын бастады

ERNUR.KZ. Жаңаөзенде жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша облыстық комиссия жұмысын бастады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Бүгін, 8 ақпанда, облыс әкімінің бірінші орынбасары Абзал Меңдібаевтың төрағалығымен Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында мұнай-газ саласындағы ұйымдарға жұмысқа қабылдау алгоритмінің толық ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі комиссия құрылды.

Комиссия құрамына мемлекеттік органдардан басқа Жаңаөзен қаласындағы жұмыссыздар қатарынан бастамашыл топ өкілдері де кірді.

Комиссияның негізгі мақсаты – бастамашыл топтың белсенділерімен бірлесіп, мәселені шешу жолдарын қарастыру және екі жаққа да қолайлы оңтайлы шешімге келу.