Жаңаөзенде мұнай тиелген жүк көлігі өртеніп кетті

0
453

Өрт сөндірушілер шақыру түскен сәттен бастап 35 минут ішінде тілсіз жауды ауыздықтады.


Жаңаөзенде мұнай тиелген жүк көлігі өртеніп кетті

ERNUR.KZ. Жаңаөзенде мұнай тиелген жүк көлігі жанып кетті. Оқиға "Жаңаөзен-Жетібай" тасжолы аумағында болған, - деп жазады Zakon.kz.



Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 6 шілдеде түстен кейін мұнай тасымалдайтын жүк көлігінің артқы дөңгелектері өртенген.


Өрт сөндірушілер шақыру түскен сәттен бастап 35 минут ішінде тілсіз жауды ауыздықтады.

Зардап шеккендер жоқ, оқиғаның себебі анықталып жатыр.