Жаңаөзендегі ереуіл: жаңа мәлімет берілді

0
130

Хасенов Жаңаөзендегі ереуілдің компанияға тигізген шығынын атады.


Жаңаөзендегі ереуіл: жаңа мәлімет берілді

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

ERNUR.KZ. "ҚазМұнайГаз" басқарма төрағасы Асхат Хасенов "Өзенмұнайгаз" компаниясындағы қазіргі жағдай туралы айтты, деп жазады tengrinews.kz.

Хасенов Жаңаөзендегі ереуілдің компанияға тигізген шығынын атады.

"Шығын өзгермелі, бірақ шамамен тәулігіне 100 тонна (мұнай – еск.) болады. Осынша көлемді жоғалтып отырмыз. Белгілі бір мәселелер бар, бірақ негізгі техника мен бригадалар бүгінде жұмыс істеп жатыр. Сондықтан тез арада өндіріс көлемін қалпына келтіріп жатырмыз", - деді Хасенов брифингте.

Компания басшысы "ҚазМұнайГаз" басшылығы ереуілге шыққан жұмысшылармен диалог жүргізуге дайын екенін айтты.

"Біз барлығын жұмысқа шығуға шақырамыз. Бұл – бірінші. Екіншіден, адамдарға дұрыс емес ақпарат беріліп жатыр. Егер ақпарат дұрыс жеткізілсе, оның ішінде БАҚ арқылы, онда рұқсат етілмеген акцияларға ешқандай себеп болмайды деп есептеймін. Біз диалогқа дайынбыз", - деді ол.

Сондай-ақ, Хасенов ереуілді жалғастырып жатқан адамдардың санын айтты.

"Бүгінде 141 адам жұмысқа шықпады. Қалғандарының барлығы жұмыс істеп жатыр. 4630 адам жұмыс орнында", - деп түйіндеді Асхат Хасенов.