Жаңаөзен қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде газ жарылып, салдарынан 11 адам зардап шекті.
Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Жаңаөзендегі жарылысқа байланысты жедел штаб құрылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметі сонымен қатар жарылысқа байланысты жедел желі телефоны іске қосылғаны айтылған. Тел: 8/7292/31-90-99.
Еске салайық, Жаңаөзен қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде газ жарылып, салдарынан 11 адам зардап шекті.
Оқиға 17 сәуірде таңғы сағат 5 шамасында (Астана уақытымен) Жаңаөзен қаласындағы 2-шағынауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйде болған.