Жаңаөзендік ереуілшілерге жаңа жұмыс орындары ұсынылды

0
557

"БерӘли Маңғыстау Company" ЖШС-нің бұрынғы қызметкерлері "Өзенмұнайгаз" өкілдерімен кездесуден кейін ұсыныс бойынша ойлануға уақыт алды.


Жаңаөзендік ереуілшілерге жаңа жұмыс орындары ұсынылды

ERNUR.KZ. Жаңаөзендегі "Өзенмұнайгаз" АҚ басшылары Астанадағы Энергетика министрлігі ғимаратының жанында шеру ұйымдастырған "БерӘли Маңғыстау Company" ЖШС-ның бұрынғы жұмысшыларымен кездесті, деп жазады sputnik.kz.

Өңірдегі жұмыссыздардың барлығы жұмысқа орналасуға қазығушылық танытатын компанияның жаңа ұсынысын "Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры Нұрдәулет Қилыбай мәлімдеді.
Ол "БерӘли Маңғыстау Company" ЖШС-ның бұрынғы қызметкерлерін "Мөлдір Мұнай Сервис" ЖШС-ға жұмысқа алуды ұсынды.
"Өзенмұнайгаз" АҚ басшылары "БерӘли Маңғыстау Company" ЖШС-ның бұрынғы жұмысшыларымен кездесті

Осы компания мен "Өзенмұнайгаз" арасында "БерӘли" серіктестігінің бұрынғы қызметкерлері жалақысының деңгейін сақтауға кепілдік беретін арнайы келісім жасалған.

"Сонымен қатар жиынға келген азаматтарға ұңғымаларға өнеркәсіптік жөндеу жүргізу көлемін 3 жылдық мерзімге сатып алуға тендер жарияланғаны айтылды", - деп жазылған ұлттық компанияның хабарламасында.
БерӘлидің бұрынғы қызметкерлері ұсынылған шарттар туралы ойланып, нақты шешімге келуге уақыт алды, деп хабарлады "ҚазМұнайГаз".