Жаңартылатын энергия көздері көбейіп жатыр

0
342

2050 жылы жалпы өндірістің 50 пайызын құрамақ.


Жаңартылатын энергия көздері көбейіп жатыр

Энергия – адамзат тіршілігіне ең қажетті ресурстардың бірі. Ал оны жаңартып отыру заманның талабы десек, қателеспейміз. Бұл мәселе Қазақстанда өте өзекті. Себебі, көптеген энергия көздерінің тозығы жетіп, жаңғырту жұмыстарын күтіп тұр. Бұл маңызды қадамған мән бермесек, өмір сүру сапасын көтере алмасымыз айқын.


Жыл басындағы ресми деректерге сүйенсек, еліміз екі жүз жиырма электр стансасы жұмыс істеп тұрса, соның жүз қырықтан астамы жаңартылатын энергия көзіне жатады. Жалпы, энергия стансаларының тозу деңгейі елу пайыздан асып кеткен. Сол себепті өткен жылы онға жуық энергетикалық болк, елуге тарта қазандық пен қырық алты турбина күрделі деңгейдегі жөндеуден өткізілген.


Дегенмен, алдағы уақытта энергия тапшылығы артпаса, кемімейтіні жасырын емес. Сондықтан Энергетика министрлігі шамамен отыз бес ГВт энергия өндіре алатын қуат көздерін қолданысқа енгізу мақсатында арнайы жоспар бекіткен. Аталған жоспардағы ауқымды жобалар Ақсу, Қарағанды, Шымкент, Тараз, Ақтөбе, Қызылорда, Атырау, Ақтау және Жезқазған жерлерінде іске асырылмақ. Аталған өңірлердегі жобалар іске асырылса, қуат көзі саласындағы тапшылық жойылып, тіптен қосымша энергия да қарастырылатын көрінеді. Сонымен қатар, электр импортын азайтып, экспортты арттыруға мүмкіндік бермек.


Ведомство басшысының сөзіне сүйенсек, былтыр өңірлерді электр қуатымен қамту көрсеткіші жүз пайызды құраған. Бұл нәтижеге жаңартылатын энергия көздерінің қарқынды дамуы әсер етіп жатқан сынды. Себебі осыдан он жыл бұрынғы жағдаймен салыстырғанда электр қуаты он алты есеге артқан. Ал, 2023 жылға дейін жаңартылатын энергия көздерінің үлесі он бес және 2050 жылға қарай елу пайызға жеткізілмек. Бұл межеге қол жеткізу үшін министрлік қажетті іс-шараларды атқарып, инвестиция тарту жұмыстарын ұйымдастырып келеді. Министрліктің жоспарына сәйкес, 2023 жылға дейін елімізде жалпы қуаттыығы 5 ГВт-ты құрайтын бес ірі жоба жүзеге асырылмақ. Ал, жыл басындағы бойынша елімізде өндіріліетін жалпы энергияның 6 пайызға жуығы ғана жаңартылатын энергия көздері арқылы алынады. 2024 жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 6,5 пайызға дейін көтерілген.


Бүгінде Қазақстанда жүз елуге жуық жаңартылатын энергия көздері жұмыс істеп жатыр. Оның 59-ы жел, 46-сы күн, 39-ы су және үшеуі биогаздан қуат өндіретін стансалар. Алдағы 3 жылда бұл бағытта тағы жиырма бес жоба қолданысқа берілмек.


Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ