​Жансақтау бөлімінде: Алматыда екі электрикті ток соқты

0
128

Алмалы аудандық полиция басқармасы тұрғын үй кешенінің аумағында жеке компанияның екі қызметкерін электр тоғының соғу дерегіне қатысты тергеу жүргізіп жатыр.


​Жансақтау бөлімінде: Алматыда екі электрикті ток соқты

Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желідегі мәліметке сәйкес, «Жастар» тұрғын үй кешенінде жұмыс істеп жүрген электриктерді ток соққан, деп жазады inform.kz.

Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы бұл мәліметті растап, екі азаматтың жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады.

– 22 мамыр сағат 13:05-те Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының қабылдау бөліміне электр жарақатын алған екі ер адам жеткізілді. Екі науқасқа да ІІ–ІІІ дәрежелі көптеген күйік диагнозы қойылды. Пациенттер анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөліміне (АРҚТБ) жатқызылды. Қазір оларға барлық қажетті қарқынды терапия шаралары жүргізіліп жатыр, - деп мәлімдеді басқармадан.
Қалалық полиция департаменті аталған оқиға бойынша тексеріс жүргізілетінін хабарлады.
– Алмалы аудандық полиция басқармасы тұрғын үй кешенінің аумағында жеке компанияның екі қызметкерін электр тоғының соғу дерегіне қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады, - деп мәлімдеді департаменттен.