14 ақпанда алғашқы 11 жолаушы кемеден шықты. Олар 80 жастан асқан қарттар.
ERNUR.KZ. Жапонияда круиз лайнеріндегі төрт қазақстандық карантин аймағында қалады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.
Ведомство өкілдері олардың денсаулығына еш қауіп жоғын мәлімдеді. Қазақстандықтардан коронавирус симптомдары анықталмады, олар өзін жақсы сезінеді.
Борттағы карантин келесі сәрсенбіде аяқталады. 14 ақпанда алғашқы 11 жолаушы кемеден шықты. Олар 80 жастан асқан қарттар. Дәрігерлер олардың ағзасынан вирусты таппады. Енді туристерді уақытша жергілікті колледждердің бірінің жатақханасында орналастырады.