Жапонияда қазақстандық жаяу марш өтті

0
1 302

Бұл іс-шара Отаннан алыс жерде Қазақстанның Тәуелсіздік күнін атап өтудің ерекше тәсілі болып табылады.


Жапонияда қазақстандық жаяу марш өтті

ERNUR.KZ. Жапонияда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 29 жылдығына орай 29 шақырымдық жаяу марш өтті, деп жазады baq.kz.

Елшілік ұйымдастырған акцияға қазақстандық студенттер мен қазақ диаспорасының мүшелері, сондай-ақ Жапонияның іскерлік және академиялық топтарының өкілдері қатысты. Шамамен 6 сағатты алған шеру Тама өзенінің бойында өтті.

Орталық Азия және Кавказ Институтының қызметкері Ватару Сато атап өткендей, қазір Жапонияда Олимпиада ойындары қарсаңында спорт тақырыбы ерекше өзектілікке ие және ол осы спорттық акцияға қатысумен Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтағысы келді.

Қазақ диаспорасының өкілі, Қытай азаматы Әбдібек Қәлібек жыл сайынғы шеру отандастармен ашық ауада кездесудің тамаша мүмкіндігі екенін және дәрігер ретінде Covid-19 уақытында иммунитетті көтеру үшін жаяу жүруді ұсынатынын атап өтті.

Қазақстандық Антон Голубьтің пікірінше, бұл іс-шара Отаннан алыс жерде Қазақстанның Тәуелсіздік күнін атап өтудің ерекше тәсілі болып табылады.

Осы уақытқа дейін жаяу шеру үшінші рет өткізілгенін және қазақстандықтар мен Қазақстанның Жапониядағы достары үшін жақсы дәстүрге айналғанын атап өткен жөн, алайда ағымдағы жылы елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты іс-шараның ауқымы қысқартылды.