Жарты мыңға жуық отбасыға тегін азық-түлік таратылды

0
1 095

Атыраудың бас мешітінде 500 отбасыға азық таратылды.


Жарты мыңға жуық отбасыға тегін азық-түлік таратылды

ERNUR.KZ. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға аса қажетті азық-түлік таратылды, деп жазады atpress.kz.

Көп балалы, жетім мен жесірі бар отбасыларға, көмекке мұқтаж жандарға азық-түлік пакеттерін Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров тапсырды. Әрқайсы 30 килограмм болатын пакеттерде аса қажетті азық түрлері салынған.

«Рамазан - рақымшылық айы. Рамазан - ізгілік пен жақсылықтың айы. Бұл айда жасалған әр қайырымды істің сауабы да мол болады. Асылында, мұқтаж жандар қашанда қоғам назарынан тыс қалмауы тиіс. Мұндай ізгілікті шаралар Рамазанмен бірге, басқа айларда да жалғасын табады», - деген Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров.