Жас қыздың мәйіті мен ес-түссіз жатқан полицей табылған: істе жаңа дерек пайда болды

0
120

​Полицей жазылып үйіне шыққан.


Жас қыздың мәйіті мен ес-түссіз жатқан полицей табылған: істе жаңа дерек пайда болды

Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

ERNUR.KZ. Бұған дейін хабарлағынымыздай, Қарағандыдағы учаскелік пунктердің бірінде әйел адамның мәйіті мен ес-түссіз жатқан полицей табылған еді. Бүгін облыстың полиция департаменті осы қызметкердің ауруханадан шыққаннын растады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бірақ, анықталғандай, полицей ауруханадан ғана емес, жұмыстан да шығып қалған екен.

«Әйел адамның өліміне қатысты тергеу жалғасып жатыр. Бұрынғы учаскелік инспектор ауруханадан шықты. Және теріс мінездемемен ішкі істер органдарының қатарынан да шықты», - деп хабарлайды Қарағанды облысының полиция департаменті.

Қаза тапқан әйел – 23 жастағы Эльмира есімді азаматша болған. Оның артында төрт жасар ұлы қалған.