Жасанды интеллект 13 жастағы баланы ұрып-соғу фактісін анықтады

0
115

Бұл туралы Павлодар облысы прокуратурасының ресми сайты жазды.


Жасанды интеллект 13 жастағы баланы ұрып-соғу фактісін анықтады

Фото: hsbi.hse.ru

ERNUR.KZ. Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та жасанды интеллектті пайдалана отырып, цифрландыруды кеңінен дамыту бағытын белгілеген еді, деп жазады inbusiness.kz.

– Облыс прокуратурасының бастамасымен психоневрорлогиялық ауруларға шалдыққан балаларға әлеуметтік қызметтерді көрсететін медициналық-әлеуметтік мекемеде "Жасанды интеллект зорлық - зомбылыққа қарсы" жобасы іске асырылуда. Осыған байланысты, бейнебақылау камераларында қызметкерлер мен тәрбиенушілердің мінез-құлықты бағалайтын және агрессия белгілерін (соққы, айқай, құлау) анықтайтын жүйе енгізілген.
Нәтижесінде, 2025 жылғы 30 желтоқсанда жасанды интеллект облыстық психоневрологиялық орталығында қайтадан болған 13 жастағы баланы (аутизмға шалдыққан) күзетшімен ұрып-соғуы фактісін анықтады, – делінген хабарламада.

Осы деректер бойынша Қылмыстық кодекстің 109-1-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Жоба іске қосылған сәттен бастап балаларды ұрып-соғудың екінші оқиғасы анықталып отыр. Бұрын орталықтың санитары атқарып отырған лауазымынан босатыла отырып, қылмыстық жауаптылыққа тартылған.