​Жасанды интеллект пен BIG DATA медицинада революция жасап жатыр

0
830

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев NIS-тің Наурыз кездесулерін үлкен ғылымға жасалған алғашқы қадам деп атады.


​Жасанды интеллект пен BIG DATA медицинада революция жасап жатыр

Астанада NIS-тің «Биомедицина, инженерия и технологиялар» атты ХII Наурыз кездесулері өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Наурыз кездесулері – оқушылардың ғылыми таланттары мен зерттеушілік шабыттырын көктем мерекесінің ең маңызды салт-дәстүрлерімен тоғыстыратын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының айрықша дәстүрі.
Астанада денсаулық сақтау саласына жасанды интеллект, робототехника, машиналық ойлау және үлкен деректерді енгізу жобаларымен табысты жұмыс істеп келе жатқан барлық Зияткерлік мектептердің жас ғалымдары жиналды. Мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстары 3D-биопринтингке, ақылды протездер мен биоинтерфейстерді жасауға және заманауи медицинаның басқа да өзекті басымдықтарына арналады.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев NIS-тің Наурыз кездесулерін үлкен ғылымға жасалған алғашқы қадам деп атады.

"Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинованың бастамасымен жүзеге асқан Наурыз кездесулерінің тарихи маңызы зор, себебі елімізде жас ғалымдардың бірегей алаңы пайда болды. Бірнеше жылдан кейін біз әлемдік жаңалықтар авторлары мен Нобель сыйлығының лауреаттарының арасынан бүгінгі қатысушылардың есімдерін еститінімізге сенімдімін", – деп атап өтті Ғани Бейсембаев.
Шымкент қаласы химия-биология бағытынағы НЗМ оқушылары өзекті мәселердің шешімдерін өз тараптарынан ұсынды. Оның ішінде: Бахытжан Жания мен Пернехан Нұргүл ұйқы безінің қызметін көрсетсе, ал Рахиева Ұлдана мен Яхия Жайна «Flat feet preventer» жалпақтабандылықтың алдын алушы мобильді қосымшаны тарту етті. Сонымен қатар, Қабылбаев Диас қазақтың ұлттық жиһазы - Қайқы бас төсекті қолданудың медициналық тұрғыдағы адам физиологиясының дұрыс қалыптасуына тигізетін оң әсері жөнінде баяндады, ал 9 сынып оқушылары Тайжанов Нұрбек пен Дәулет Арнұр-«Derma - машиналық оқыту арқылы тері ауруларының мүмкіндігін анықтау диагностикалау» атты жобаны қорғады.

Білім беруді тұрақты дамыту қоры жалпы білім беретін мектептер атынан жоба қорғайтын оқушылардың үлкен тобының Астанаға сапарын ұйымдастырды. Еліміздің барлық өңірінде 17 тірек мектепті дамыту бойынша сұранысқа ие жобаның жаңа кезеңі Наурыз кездесулеріне қатысудан басталатыны анық.

Айта кетейік, наурыз кездесулеріне қатысушылар үшін үлкен білім және мәдени бағдарламалар өтті: елордалық физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің "NIS Engineering" техноториясында робототехника және дизайн-ойлау бойынша шеберлік сыныптары ұйымдастырылды, көктемгі мерекеге "Құрманғазының бес әйгілі күйлері" атты тақырыптық қойылымдар мен "100 ән" жобасы аясында шығармашылық сағат арнау жоспарлануда", "Наурыз тарту" концерттік бағдарламасы, қазақ халқының сәндік қолданбалы шығармашылығы бойынша түрлі сабақтар, Ұлттық музей мен елордалық театрларға экскурсиялар.
Еске сала кетсек, бұл 2011 жылдан бері өткізіліп келе жатқан және қазіргі ғылымның жаһандық басымдықтары арасындағы ең өзекті тақырыптарға арналған ғылыми жобалардың наурыз айындағы байқаулары.