Жамбыл облысында басқа жасөспіріммен жанжалдасқан 9-сынып оқушысы жансақтау бөліміне түсті.
Фото: otyrar.kz
ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Жамбыл облысында жанжал салдарынан жансақтау бөліміне түскен 9-сынып оқушысының жағдайына қатысты пікір айтты, деп жазады inform.kz.
— Баланың жағдайы шын мәнінде де ауыр. Қазір 14 жастағы бала комада, оның ішінде медикаментозды комада жатыр. Баланың жағдайы тасымалдауға ешбір жатпайды. Республикалық Ұлттық шұғыл жағдайдағы медициналық көмек көрсету ұйымы телемедицина арқылы тиісті консультацияларды беріп, оқушының жағдайын бақылап отыр, — деді деді Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, баланың жағдайы тұрақталғаннан кейін, Астанаға тиісті санитарлық авиация күштерімен жеткізілмек.
Бұған дейін хабарланғандай, Жамбыл облысында басқа жасөспіріммен жанжалдасқан 9-сынып оқушысы жансақтау бөліміне түсті. Полиция қылмыстық іс қозғап, сондай-ақ оқиғаға қатысты бопсалау дерегінің бар-жоғын тексеріп жатыр.


