Жатақханаларда тұрмысқа қажеттінің бәрі қарастырылған

0
468

2024 жылы жалпы саны 5025 орындық 10 нысан іске қосылады деп жоспарланып отыр.


Жатақханаларда тұрмысқа қажеттінің бәрі қарастырылған

ERNUR.KZ. Алматыда үш жаңа жатақхана ашылды, деп жазады sputnik.kz.

24 тамыз күні жаңа оқу жылының қарсаңында жеке инвестиция есебінен салынған 980 орындық заманауи жатақханалар салтанатты түрде ашылды.

Іс-шараға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков қатысты.

"Жатақханаларда тұрмысқа қажеттінің бәрі қарастырылған: жайлы бөлмеден бастап коворкинг пен асханаға дейін бар", - деп жазылған хабарламада.

Әкімнің орынбасары мұндай жағдай студенттердің өзін үйіндегідей сезініп, жақсы оқуына ықпал ететінін атады.

Бұған дейін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев жатақхана мәселесі тікелей бақылауында екенін айтқан болатын.

2024 жылы жалпы саны 5025 орындық 10 нысан іске қосылады деп жоспарланып отыр.