Жаттығу залында соққыға жығылған Әсел Асқар жанжалдың немен аяқталғанын айтты

0
608

Әсел Асқар фитнес клубта белгісіз ер адамның өзін соққыға жыққанын айтып, полицияға шағымданған болатын.


Жаттығу залында соққыға жығылған Әсел Асқар жанжалдың немен аяқталғанын айтты

ERNUR.KZ. Отадық блогер, тележүргізуші Әсел Асқар фитнес клубта кәсіби спортшы өзін бірнеше рет соққыға жыққанын айтып, шағымданған болатын. Блогер келеңсіз жағдайдың немен аяқталғанын айтып берді, деп жазады stan.kz.

Желі қолданушыларының бірі кәсіби спортшымен арада болған жанжал немен аяқталғанын сұрады.

“Ол қоғамдық жерде менің ар-намысыма тигені үшін заң алдында жауап берді. Кейін ол кешірім сұрады және кешірімін қабылдадым. Сонымен қатар мен де өз кезегімде кешірім сұрадым. Жанжал шешілді”, – деп жауап берді Әсел Асқар.

Айта кетейік, блогер Әсел Асқар фитнес клубта белгісіз ер адамның өзін соққыға жыққанын айтып, полицияға шағымданған болатын. Кейін спортшының 15 тәулікке қамауға алынғаны белгілі болды.