Ол Абайдың «Көзімнің қарасы» туындысын домбыраның сүйемелдеуімен орындады.
ERNUR.KZ. Павлодар облысындағы AP-162/3 мекемесінде жазасын өтеуші қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына арналған эстафетасына қатысты, деп жазады sn.kz.
«Мен осы жаңалықты көрген бойда жасақ басшысына барып, эстафетаға қатысуға ниетті екенімді жеткіздім. Түрмеде отырсам да, осы эстафетаға қатысуға мүмкіндік алғаныма қуаныштымын», - дейді қатысушы.
Ол Абайдың «Көзімнің қарасы» туындысын домбыраның сүйемелдеуімен орындады.
Жазасын өтеп жүрген азамат бала кезінен өнерге жақын екен. Оның жазасын толық өтеуге 3 жыл уақыты қалыпты. Оны үйде 3 ұлы мен әйелі күтіп жүр.