Жеке куәлікті жиі жоғалтатындар үшін мемлекеттік баж сомасы өседі

0
866

Жоғалған құжатты алғашқы жоғалтқан сәттен бастап күнтізбелік бір жыл ішінде 2 және одан да көп рет қалпына келтіру үшін жүгінген кезде, жеке куәлік қайта берілгенде мемлекеттік баж мөлшері ұлғайтылмақ.


Жеке куәлікті жиі жоғалтатындар үшін мемлекеттік баж сомасы өседі

ERNUR.KZ. Елімізде кәмелетке толмаған балаларға берілетін паспортқа қатысты мемлекеттік баж сомасы төмендетіледі. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында депутат Сергей Карплюк айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, бүгін Сенатта «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекске және «Салық пен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Заңға өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралып жатыр.

«Халықтың көші-қоны бөлігінде тиісті нормалар қамтылып отыр. Осы орайда кәмелетке толмаған балаларға берілетін паспорттар үшін мемлекеттік бажды 8 АЕК-тен 4 АЕК-ке дейін төмендету ескерілген. Сонымен қатар берілген паспорт парақтарының санына қарай мемлекеттік баждың сараланған мөлшерлемесі (16 жасқа дейінгі балаларға берілетін 22 беттен тұратын паспорт – 4 АЕК немесе 13 800 теңге, 36 бет – 8 АЕК, 48 бет – 12 АЕК) енгізілмек», - деді С. Карплюк.

Оның айтуынша, жоғалған құжатты алғашқы жоғалтқан сәттен бастап күнтізбелік бір жыл ішінде 2 және одан да көп рет қалпына келтіру үшін жүгінген кезде, жеке куәлік қайта берілгенде мемлекеттік баж мөлшері ұлғайтылмақ.