Жеке тұлғалардың банкроттығы бойынша «Qoldau» жаңа ақпараттық жүйесі іске қосылды

0
103

Азаматтардың электрондық үкімет порталы (eGov.kz.), ХҚКО арқылы өтініш беру мүмкіндігі бар. Енді жеке тұлғалардың банкроттығы бойынша «Qoldau» жаңа ақпараттық жүйесі іске қосылды.


Жеке тұлғалардың банкроттығы бойынша «Qoldau» жаңа ақпараттық жүйесі іске қосылды

«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» Заң халықты шамадан тыс несиелену проблемасын шешу құралдарының бірі болып табылады. Заңда қарыздың түріне және қарыз сомасына байланысты рәсімдердің 3 түрі ұсынылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ҚМ МКК төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов атап өткендей, соттан тыс банкроттық рәсімі аса сұранысқа ие екенін тәжірибе көрсетті. Оны банктер, микро қаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздарға қатысты қолдануға болады

Азаматтардың электрондық үкімет порталы (eGov.kz.), ХҚКО арқылы өтініш беру мүмкіндігі бар. Енді жеке тұлғалардың банкроттығы бойынша «Qoldau» жаңа ақпараттық жүйесі іске қосылды.

«Бұл ақпараттық жүйе өтініш беру мүмкіндігін және өтініш берушінің 24 мемлекеттік органдар мен ұйымдардың базалары арқылы кіру критерийлеріне сәйкестігін автоматты түрде тексеруді көздейді. Өтініш беруші осы жүйеде өтініш бойынша мәртебені, уәкілетті органның шешімін көре алады. Сондай-ақ бас тарту себебі мен тиісті органдар шешімге қатысты ұсынған мәліметтерді көреді. Бұл өте ыңғайлы және болашақта ол деректерді түзету үшін сол немесе басқа органға жүгіне алады», – деп атап өтті спикер.

Сонымен қатар «Qoldau» жүйесінде барлық азамат нақты уақыт режимінде жеке тұлғалардың банкроттығы бойынша статистикалық деректерді көре алады. Азаматтар сот банкроттығын борыш сомасы 1,6 мың АЕК-тен асса және кредиторлар алдындағы борыштардың барлық түрі бойынша қолдана алады. Алайда, алимент және басқа адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген залал, қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша залал, сондай-ақ сот шешімі бойынша өндіріп алынатын бюджетке төленетін төлемдер есептен шығаруға жатпайды.

Сотта қарыздарды бөліп төлеу мүмкіндігін алуды көздейтін төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі жөніндегі жоспар қаржы басқарушысымен бірге әзірленіп, сотта бекітіледі. Нәтижесінде азамат «банкрот» болып танылмайды және оған банкроттық салдары қолданылмайды.