Оқу-ағарту министрлігі педагогтердің лауазымдық типтік біліктілік сипаттамаларына өзгерістер әзірледі.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. ҚР Оқу-ағарту министрлігі педагогтердің лауазымдық типтік біліктілік сипаттамаларына түзетулер дайындады. Ведомствоның бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Енгізіліп отырған өзгерістер мен толықтырулар құқық қорғау және сот органдарында жұмыс істеген, сондай-ақ басқа мамандықтар бойынша білімі бар және педагогикалық қайта даярлаудан өткен тұлғалардың білім беру ұйымдарына «Құқық негіздері» пәні мұғалімі және кәсіби бағдар беретін педагог лауазымдарына орналасуына мүмкіндік береді», – деп мәлімдеді Оқу-ағарту министрлігі.
Құжаттың жобасы 2025 жылдың 10 желтоқсанына дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.


