Желіде пара алған инспекторларды ұстау видеосы жарияланды

0
699

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі хабарлаған.


Желіде пара алған инспекторларды ұстау видеосы жарияланды

ERNUR.KZ. Алматы қаласы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық жасады деген ген күдікке ілінді, деп жазады Тengrinews.kz.

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының маманы мен жетекші маманына қатысты бірнеше рет пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады.


"Алматы қаласының аумағы бойынша жүк автокөлік құралдарының кедергісіз жүргені үшін маман делдал арқылы 200 мың теңге, ал сол бөлімшенің жетекші маманы 270 мың теңге жүк тасымалдаушылардан пара алды деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада.

Тергеу жалғасады. К

Куәгерлер инспекторларды ұстау шарасы кезінде видеоға түсірген.