Желіде Жанболат Ағаділді өлтіріп алғанын мойындаған жас жігіттің видеосы тарауда

0
634

Видеода ол Астанаға бір жыл бұрын жұмыс істеу үшін келгенін айтады.


Желіде Жанболат Ағаділді өлтіріп алғанын мойындаған жас жігіттің видеосы тарауда

ERNUR.KZ. Желіде Жанболат Ағаділді өлтіріп алғанын мойындаған жас жігіттің видеосы тарауда, деп жазады zakon.kz.

Видеода ол Астанаға бір жыл бұрын жұмыс істеу үшін келгенін айтады.

"Дос балалар шақырды. Біреуді ұрып-соғу немесе өлтіру деген менде жаман ниет болған жоқ. Төбелес басталып кетті, сол кезде мен пышақ жұмсап қойдым. Жанболат Ағаділге. Оның атын енді біліп жатырмын, әйтпесе оларды танымаймын да ғой. Жауым емес, қасым емес. Бұрын көрген адамым емес. Қашып бара жатып, құтылу үшін байқаусызда пышақ жұмсадым. Жанболат Ағаәділдің әке-шешесінен, туған-туыстарын кешірім сұраймын", - дейді ол.

Айта кетсек, 12 қарашада кәмелетке толмаған Жанболат Ағаділді ұрып-соғып, өлтірді деген күдіктілер қамауға алындғанын тергеу басқармасының бастығы Санжар Әділов хабарлаған болатын. 10 қарашада сағат 22.56-да 102 шұғыл байланыс желісіне Көктал ықшамауданының Болашақ көшесінде болып жатқан жаппай төбелес туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жастар арасында өзара жанжал болып, оның арты төбелеске ұласқандығын анықтады. Нәтижесінде екі адам жарақат алды. Олардың бірі - 17 жастағы Ж.Ағаділовке пышақ салынған, ол жедел жәрдем келген кезде қайтыс болды.