Желіде жас жігітті шынжырмен ұрған топтың видеосы тарады

0
1 880

​Маңғыстау облыстық полиция департаменті Ақтау қаласында болған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады.


Желіде жас жігітті шынжырмен ұрған топтың видеосы тарады

ERNUR.KZ. Жас жігітті шынжырмен ұрғандарды ұстау бойынша шаралар қолға алынды, деп жазады sputnik.kz.


Әлеуметтік желіде жас жігітті шынжырмен ұрғандардың видеосы тарады. Бетін жауып алған біреу алдымен қолды кірпішке қоюды талап етеді, сосын темір шынжырмен бір ұрады. Артынан сол қолынан және басынан соққы жасайды.
Осылайша, "закладчиктердің" сазайын беремін дейді.
Маңғыстау облыстық полиция депаратменті осы оқиғаның облыс орталығында болғанын растады. Қазіргі кезде барлығы анықталды, күдіктілерді ұстау бойынша шаралар жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Осы қылмыс адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы жасалса, 5 000 айлық есептiк көрсеткiшке (15 900 000 теңгеге) дейiнгi мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 1 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар, я болмаса, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.