Жеңіл көлік LRT бағанасына соғылған: Астана полициясы жаңа деректерді айтты

0
466

Оқиға салдарынан 43 жастағы жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды.


Жеңіл көлік LRT бағанасына соғылған: Астана полициясы жаңа деректерді айтты

ERNUR.KZ. LRT бетон бағанасына соқтығысқан көлік жүргізушісі сау болған. Бұл туралы Астана Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Елжан Чупеков айтты, деп жазады tengrinews.kz.

"Тексерудің алғашқы қорытындысы жүргізушінің сау болғанын көрсетті. Бейнебақылау камераларынан көпірге көтерілу кезінде Jusan Bank ғимаратына қарама-қарсы "Сергекте" жылдамдықтың сағатына 66 шақырым, яғни шамалы артық болғанын көріп отырмыз. Соқтығыс уақыты, жылдамдық зерттеліп жатыр. Бір жүргізуші қаза болды. Сараптамаларға сәйкес, ол сау болған. Жола апаты не себепті болғаны белгісіз", - деді Чупеков "Жеті күн" бағдарламасында.

Еске салайық, жол апаты 29 маусымда таңертең болған. Оқиға салдарынан 43 жастағы жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды.