Жеңілдетілген автокредит бойынша өтінім қабылдау күні, қаржыландыру көлемі алдын ала Қордың сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланады.
иллюстрациялық фото
ERNUR.KZ. "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ Жеңілдетілген автокредит бағдарламасы жұмысының аралық қорытындысы туралы хабарлады, деп жазады sputnik.kz.
Соның ішінде 195 қатысушы өз көліктерін алған. Жалпы сомасы 1,696 млрд теңгені құрайды. Қарыздың орташа мөлшері – 8,7 млн теңге.
Қор өтінім 60 күн бойы күшінде болатынын еске салды. Осы мерзімде пулға қатысушылар жеңілдетілген автокредитті рәсімдеуге тиіс. Мерзім аяқталғаннан кейін пайдаланылмаған қаражат Бағдарламаға әлеуетті қатысушылардың санын ұлғайту үшін келесі пулды қалыптастыруға бағытталады.
Жеңілдетілген автокредит бойынша өтінім қабылдау күні, қаржыландыру көлемі алдын ала Қордың сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланады.