Жеңіс күні қарсаңында Алматыдағы Соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден беріледі

0
1 145

Жиын барысында тұрғындардың бірі әкімге биыл Жеңіс күні аталып өтіле ме және соғыс ардагерлеріне қандай көмек көрсетіледі, деген сұрақ қойды.


Жеңіс күні қарсаңында Алматыдағы Соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден беріледі

ERNUR.KZ. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп жазады baq.kz.

Жиын барысында тұрғындардың бірі әкімге биыл Жеңіс күні аталып өтіле ме және соғыс ардагерлеріне қандай көмек көрсетіледі, деген сұрақ қойды.

Досаев пандемияға байланысты екі жыл ескерусіз қалған Жеңіс күні биыл аталып өтілетінін және соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 1 миллион теңгеден көмек берілетінін айтты.

"Қалада соғыс және тыл ардагерлерін қосқанда 10 600-дей адам бар. Оларға зор денсаулық тілеймін және барлығымыз бірге Жеңісті атап өтеміз. Қала Мәслихатымен ардагерлерге ақшалай сыйақы беру жағы қарастырылып жатыр. Сондай-ақ әр аудан әкімдігі үйінен шыға алмайтын адамдарға өздері барады, ал жүре алатындарды мерекеге шақырамыз. Одан бөлек 9 мамырда 28 панфиловшы саябағында гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді және соғыста қаза тапқандарды еске аламыз",-деді қала әкімі.