Ол Путинмен кездесуі мүмкін.
ERNUR.KZ. Ресей үкіметі басшысының Қазақстанға сапары аясында Тоқаев пен Мишустиннің кездесуі өтті, деп жазады sputnik.kz.
Тоқаев 9 мамырға Мәскеуге баратынын айтты. Ол Путинмен кездесуге үміттенетінін атап өтті.
Мишустин Қазақстан басшысына Ресей президентінің ыстық ықыласын жеткізді.
Президент Қазақстанда да осы күнге орайластырылған еске алу шаралары өтетінін айтты.
"Бұл жерде, әрине, біз осы тарихи датаға байланысты іс-шараларды да жоспарлап қойдық. Бірақ біз оны 7-8 мамырда өткізіп үлгереміз, ал елдегі шаралар аяқталған соң мен Мәскеуге ұшып барамын", - деді Қазақстан президенті.
Ресей үкіметінің төрағасы құрметті қонақты қабылдауға дайын екенін айтты.