Жер сілкінісі: Алматылық такси жүргізушілері бағаны 50 мыңға дейін көтеріп жіберген

0
698

Биік тұрғын үй кешенінде тұратын адамдар жер сілкінгенде қала сыртына ағылған.


Жер сілкінісі: Алматылық такси жүргізушілері бағаны 50 мыңға дейін көтеріп жіберген

ERNUR.KZ. Алматыда жер сілкінісінен кейін такси жүргізушілері бағаны екі есе шарықтатып жіберген, деп жазады stan.kz.

Биік тұрғын үй кешенінде тұратын адамдар жер сілкінгенде қала сыртына ағылған. Алматы көшелерінде және жанар-жағармай құю бекеттерінің маңында көліктер кептелді.

Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде такси жүргізушілерінің жол жүру бағасын екі есе қымбаттап жібергені туралы ақпарат тарады. Жүргізушілер қала сыртына жеткізу үшін бағаны аспандатып жіберген.

Мәселен, Ұзынағашқа әдетте 2000 теңгемен баратын таксистер, қазір 20-50 мың теңгеге дейін сұрап отыр. Бұл желі қолданушыларының ашуына тиді.

"Бағаны 40 мыңға дейін көтерген. Ел басына күн туғанда көмек берудің орнына", “Біреулерді бақытсыздық асырайды” демекші, тексіз таксистер Алматыдағы ажиотажды пайдаланып, аспандағы бағаны айтып жатыр екен", - деп жатыр әлеуметтік желі қолданушылары.

Еске салсақ, Алматыда қуатты жер сілкінісі болып, қала тұрғындары үреймен көшеге шыққан.

Бұған дейін Алматыда болған жер сілкінісінен 8 адам зардап шеккені туралы жазған едік.

Ал Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев Алматыда жақын уақытта жойқын жер сілкінісі күтілмейтінін айтты.