Жер сілкінісінен қорғану: Алматы LED-экрандарында арнайы бейнероликтер көрсетіледі

0
121

Алматыда халықты жер сілкінісі және басқа да төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға үйретуге бағытталған 7 бейнероликтен тұратын топтама әзірленіп жатыр.


Жер сілкінісінен қорғану: Алматы LED-экрандарында арнайы бейнероликтер көрсетіледі

Фото: inform.kz

ERNUR.KZ. Бұл Алматы қаласының Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

– Бейнероликтерді осы жылдың қарашасынан бастап телеарналарда, кинотеатрларда, LED-экрандарда, қоғамдық орындарда (сауда орталықтары, бизнес-орталықтар, метро, әлеуметтік нысандар) және әлеуметтік желілерде көрсету жоспарланып отыр, – деп хабарлады басқармадан.

Сондай-ақ ведомство мәліметінше, төтенше жағдайларға дайындықты арттыру мақсатында жыл басынан бастап 200-ден астам ерікті оқытылған. Олар қала халқын төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі құтқару және өзгелерді құтқару дағдыларына үйретеді.

– Жыл соңына дейін 1000-нан астам ұйымды қамтып, олардың жауапты қызметкерлерін (мемлекеттік органдар, білім беру ұйымдарының оқушылары, ірі сауда орталықтарының қызметкерлері, пәтер иелерінің бірлестігі) оқыту жоспарланып отыр. Қыркүйек-қазан айларында еріктілер білім беру ұйымдарында сейсмикалық қауіпсіздік сабақтарын бастап кетті, барлығы 400 нысан қамтылатын болады, – делінген басқарма жауабында.