Жердің жанынан "сурпержер" экзопланета табылды

0
105

Ғалымдар бұл ғаламшарға "GJ 251 c" деген атау берген.


Жердің жанынан

Фото: pinterest.com

ERNUR.KZ. Жаңа "супержер" экзопланеталарды анықтауға көмектесетін 2 жоғары дәлдіктегі құралдың көмегімен табылған, деп жазады inbusiness.kz.

Жерден 18 жарық жылы қашықтықта орналасқан (M типті ергежейлі жұлдыздың өмір сүруге қолайлы аймағы) экзопланетаны АҚШ-тағы Калифорния университетінің зерттеушілері анықтап отыр.

Зерттеуде аталған жоғары дәлдіктегі бақылау құралдарының экзопланетаның M типті ергежейлі жұлдызға әлсіз тартылатынын және оның құрылымы Жерге ұқсас тасты болуы мүмкін екені жазылған.

– Планетаның беткі температурасы сұйық су үшін қолайлы болуы ықтимал, бұл – тіршіліктің пайда болуының негізгі шарттарының бірі, – делінген зерттеуде.

Бір қызығы, GJ 251 c планетасы Жерден бірнеше есе үлкен және Құс жолы галактикасының салыстырмалы түрде жақын бөлігінде орналасқан.

– Қазіргі уақытқа дейін біз соншалықты көп экзопланета аштық, сондықтан жаңа планетаның табылуы бұрынғыдай үлкен жаңалық болып саналмайды. Десе де, бұл ашылымның ерекше құндылығы – оның негізгі жұлдызы бізден небәрі 18 жарық жылы қашықтықта орналасқан. Ғарыштық өлшеммен алғанда, бұл оны көрші ғаламшар деуге болады, – деді зерттеушілердің бірі Пол Робертсон.

Зерттеу нәтижелері "The Astronomical Journal" журналына басылып шықты.