"Жетеуі - жансақтау бөлімінде": Балмұздақ тасыған жүк көлігі 29 баланы қағып кетті

0
374

Зардап шеккен балалардың жас шамасы - 9-16 аралығында.


ERNUR.KZ. 2 мамырда Қырғызстанның Созақ ауданында балмұздақ тасымалдаған фургон 29 баланы басып өткен, деп жазады baq.kz.

"Криминальный Казахстан" телеграм арнасының мәліметінше, олардың жетеуі жансақтау бөлімінде жатыр.

Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккен балалардың жас шамасы - 9-16 аралығында.

Облыстық ауруханаға жеті бала жеткізілді. Олар жансақтау бөлімінде жатыр. Үшеуінің жағдайы ауыр деп бағалануда. Төтенше жағдай болған жерде 11 балаға көмек көрсетілді. Олар амбулаторлық емдеуге жіберілді, - делінген хабарламада.

Қырғызстан Денсаулық сақтау министрі зардап шеккендерге көмек көрсету мәселесін жеке бақылауына алды.
24.кg сайты таратқан ақпаратқа сәйкес оқыс оқиға болған Жерге-тал ауылындағы жайлауға жиналған жүздеген оқушы "Манас" эпосынан үзінді оқыған. Полиция осы іске қатысты түсініктеме берді.

Көлік бортында балаларға балмұздақ таратылуы тиіс болған. Жүргізушінің сөзінше, ол көлігін іс-шара өткен жерден жоғарырақ аумаққа қойған. Ол қалай төмен қарай жүріп кетіп, балаларды басып өткені беймәлім, - дейді құқыққорғау органдары.