Жетісу облысында 135 мыңға жуық тұрғынды газбен қамтамасыз ететін жоба құрылысы аяқталды

0
111

Биыл республика бойынша 81 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.


Жетісу облысында 135 мыңға жуық тұрғынды газбен қамтамасыз ететін жоба құрылысы аяқталды

фоото: Sputnik / Алексей Витвицкий

ERNUR.KZ. Жетісу облысында "Талдықорған–Үшарал" жаңа магистральдық газ құбырының құрылысы аяқталды, деп жазады sputnik.kz.
Бүгінгі таңда "Қапал", "Жансүгіров", "Сарқан", "Қойлық", "Қабанбай" және "Үшарал" елді мекендерінде 6 автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылысы толық аяқталды.
"Бұл газ құбыры облыстың 134 мыңнан астам тұрғыны бар 84 елді мекенін газдандырудың негізі болады. Қазір тарату желілерінің құрылысын салуға арналған жобалық-сметалық құжаттама бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алу күтіліп отыр. Желілерді тарту жұмысын Жетісу облысының әкімдігі атқарады", - деп жазылған хабарламада.
Ведомство хабарлағандай, катарлық серіктестермен бірлесіп стратегиялық маңызы бар "Бейнеу – Бозой – Шымкент" газ құбырының екінші желісінің құрылысы жалғасып жатыр.
Жалпы, биыл республика бойынша 81 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде 94 елді мекеннің шамамен 300 мың тұрғыны табиғи газға қол жеткізеді. Осылайша, жыл қорытындысы бойынша Қазақстанның газдандыру деңгейі 63,8 пайызға жетеді, дейді министрліктегілер.