Жетісу облысында 74,7 млн теңге жымқырған шенеунік сотталды

0
239

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


Жетісу облысында 74,7 млн теңге жымқырған шенеунік сотталды

ERNUR.KZ. Жетісу облысында Сарқан аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымның директоры аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, деп жазады Ulysmedia.kz.


Өңір прокуратурасының ақпаратынша, сотталғандар туристтік объектілердегі санитарлық-гигиеналық тораптарды орнатуға арналған 74,7 млн теңге бюджет қаражатын талан-таражға салған.


“Прокурорлық тексеріс, объект іске қосылмағанын, ал бөлінген қаражат шығындалып кеткенін көрсетті. Сарқан ауданының прокуратурасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, іс сотқа дейін жеткізілді,” – делінген Жетісу облысының прокуратурасында.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.