Бұл шешімді жер комиссиясы мен жер қатынастары жөніндегі жергілікті орган шығарған.
фото: Пресс-служба АО "НК "Қазақстан темір жолы"
ERNUR.KZ. Жетісу облысында заңсыз талан-таражға түскен теміржол учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп жазады sputnik.kz.
Сарыөзекте әскери бөлімнің теміржолға баратын тармағының бір бөлігін коммерциялық құрылымның меншігіне заңсыз беріп жіберген.
Бұл шешімді жер комиссиясы мен жер қатынастары жөніндегі жергілікті орган шығарған. Алайда заңсыздықты Сарыөзек гарнизонының әскери прокуратурасы анықтаған.
Әскери бөлім Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жүгінеді.
"Сотпен талап арыз қанағаттандырылып, құны 75 млн теңгеден асатын кірме жол қорғаныс ведомствосының меншігіне қайтарылды", - дейді ведомстводағылар.


