Бруцеллезді емдеуден кейін оңалу мерзімі ұзаққа созылуы мүмкін.
ERNUR.KZ. Жетісу өңірінде санитарлық дәрігерлер бруцеллез ауруын жұқтырған адамдардың саны күрт өскенін хабарлады. Бруцеллез жұқтыру көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 43,7 пайызға өсіп, қазірдің өзінде 116 адам ауруға шалдыққан. Ауруханаға жатқызылғандардың 27-сі кәмелетке толмаған, деп жазады tengrinews.kz.
"Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал аудандары мен Текелі қаласында эпидемиялогиялық жағдай нашарлады. Бұл аудандарда ауру тіркелу көрсеткіші облыстық көрсеткіштен 1,6-3,2 есеге жоғары", - деді Жетісу облыстық СЭҚД басшысының орынбасары Индира Күнбасова.
Ведомство мамандары науқастардың басым бөлігі ауылдық жерде тұратынын және бруцеллезді негізінен жануарлардан жұқтырғанын айтты.