Жетісу облысында хабар-ошарсыз кеткен жігіттің мәйіті табылды

0
830

Жоғалған адамды іздеуге аудандық полицияның барлық жеке құрамы, жергілікті тұрғындар мен еріктілер бағытталды.


Жетісу облысында хабар-ошарсыз кеткен жігіттің мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Жетісу облысы Көксу ауданында төрт күн бұрын жоғалып кеткен жігіттің денесі табылды, деп жазады Zakon.kz.



23 сәуірде Көксу ауданының полиция бөліміне ұлының жоғалғаны туралы арызбен Еңбекшіқазақ ауылының тұрғыны жүгінді.

Оның айтуынша, 29 жастағы жігіт мал жаюға шығып, оралмаған.

"Сол күні жоғалған жігіттің жылқысы Ескелді ауданының Жаңалық ауылында табылды. Көрші ауылдарды Көксу өзені бөліп тұрғаны ескеріліп, іздеуге облыс құтқарушылары қосылды.27 сәуірде іздеу іс-шараларының барысында жоғалған адамның зорлық-зомбылық белгілерісіз мәйіті Көксу өзенінің түбінде табылды. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалды", - деді полиция департаменті бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.