Департамент басшысы мен пара берушілерге қатысты қорытынды шешімді сот қабылдайды.
ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Жетісу облыстық департаментінің басшысы пара алды деген күдікке қалды, деп жазады sputnik.kz.
"Шенеунік медициналық қызмет көрсету және тиісті лицензия беру жөніндегі қызметі, жалпы "қамқорлығы" үшін кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінді", - дейді антикор.
Қазіргі күні сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Департамент басшысы мен пара берушілерге қатысты қорытынды шешімді сот қабылдайды, деп мәлімдеді ведомство.