Жетісу облысында мұғалім оқушысын зорлады: Оқу-ағарту министрі пікір білдірді

0
614

Жетісу облысы Сарқан ауданында ер адам оқушыны зорлады деген күдікке ілінген еді. Кейін оған іздеу жүргізіліп екі күннен кейін тау арасынан табылды.


Жетісу облысында мұғалім оқушысын зорлады: Оқу-ағарту министрі пікір білдірді

ERNUR.KZ. Жетісу облысының Сарқан қаласында математика пәнінің мұғалімі оқушыны зорлады деген күдікпен ұсталған еді. Осы оқиғаға байланысты Оқу-ағарту министрі пікір білдірді, деп жазады stan.kz.

Ғани Бейсембаев бүгінде министрлік балалардың құқығының бұзылмауын жүйелі түрде бақылауда ұстап, алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатқанын алға тартты.

“Жалпы кез келген мұндай мәселелерге тергеу амалдары жүргізілетінін білесіз. Ішкі істер органдары араласып, заң бағасын беруі керек. Бірақ кез келген балаға қатысты мәселелерді Оқу-ағарту министрлігі жанындағы Балалар құқығын қорғау комитеті өте тығыз бақылауда ұстап отырады. Елімізде балалардың құқығының бұзылмауын жүйелі түрде бақылауда ұстап, алдын алу жұмыстарын жүргізудеміз. Тамыз айында балалардың қауіпсіздігі бойынша кешенді жоспар қабылданды”, – деді министр.

Ғани Бейсембаев қазір тергеу амалдары жүріп жатқандықтан оқиғаға қатысты заң жүзінде қосымша ешқандай пікір білдірілмейтінін алға тартты.

“Тергеу амалдарынан кейін тиісті органдар өз шешімін айтуы тиіс. Ал жалпы Қазақстан бойынша мұндай мәселелердің орын алмауы бағытында кешенді жоспар қабылданды. Бұл жоспар өз нәтижесін береді деген үміттеміз”, – деп қосты министр.

Еске салсақ, Жетісу облысы Сарқан ауданында ер адам оқушыны зорлады деген күдікке ілінген еді. Кейін оған іздеу жүргізіліп екі күннен кейін тау арасынан табылды. Желі деректеріне сай мұғалім өз балдызына залымдық көрсеткен.