Жетісу облысында түнде жер сілкінісі тіркелді

0
171


Жетісу облысында түнде жер сілкінісі тіркелді

Скриншот Google Карта

Сейсмологтар Жетісу облысында түнде жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігі "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 5 қарашада Астана уақытымен сағат 22:58-де жер сілкінісін тіркеді.

"Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 388 шақырым жерде орналасқан", - делінген хабарламада.

Қазақстан аумағында жерасты дүмпулері сезілмегені атап өтілді.