Жетісу облысында жалған дипломмен жұмыс істеген мұғалімнің үстінен қылмыстық іс қозғалды

0
1 102

Прокуратура тағы 8 мекемеде заңсыздықты анықтады.


Жетісу облысында жалған дипломмен жұмыс істеген мұғалімнің үстінен қылмыстық іс қозғалды

ERNUR.KZ. Жетісу облысында жалған дипломмен жұмыс істеген оқытушы сотқа тартылмақ. Одан бөлек мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелерде де бұзушылықтар анықталды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Жансая» жазғы лагері (Алакөл ауданы) санитарлық-эпидемиологиялық бақылау құжатынсыз жұмыс істеген. Мүгедек балаларға әлеуметтік қызмет көрсететін «Сенім» мекемесінде (Сарқан ауданы) мұғалім ретінде еңбек қызметін жалған дипломы бар адам жүзеге асырған», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Прокуратура материалдары бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 385 бабы 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады (көрінеу жалған құжатты пайдалану). Жекелеген балалар мекемелерінде мерзімі өткен дәрілік заттарды сақтау фактілері анықталды, балаларға арналған күнделікті тамақтану нормалары сақталмаған (мәзірде жаңа піскен көкөністерден жасалған тағамдар жоқ).

«Барлық дерлік мекемелерде техникалық және өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы анықталды. Заңсыздықтар бойынша прокурорлық қадағалау шаралары қабылдады», - деп хабарлады Жетісу облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.