Жетісу облысында жүк көліктерін тонаған қылмыстық топ ұсталды

0
575

Оларды ұстау кезінде Жетісу облысының, Алматы оқаласы және облысында 30-дан астам тінту іс-шарасы өткізілді.


Жетісу облысында жүк көліктерін тонаған қылмыстық топ ұсталды

ERNUR.KZ. Жетісу облысында жүк көліктерін тонаған қылмыстық топ ұсталды, деп жазады tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, Жетісу өңірі арқылы Алматы – Өскемен тасжолы бойымен транзитпен кетіп бара жатқан ауыр жүк көліктерінен мүлікті ұрлаумен айналысқан қылмыскерлерді анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. 10 шілдеде ұзақ және үйлесімді жұмыс нәтижесінде алты адамнан тұратын топ ұсталды, олар жүйелі түрде ірі партиялы жүк көліктерден түрлі тауарларды ұрлаған. Бұл топтың жұмысы ұрланған мүлікті сатуға дейін жақсы ұйымдастырылған.

"Қылмыскерлердің бір схема бойынша әрекет еткені анықталды: олар түнде тасжолға шығып, жүк көлігі артында жүріп келе жатып, тасжолда жүк көлігі жылдамдығын бәсеңдететін және теңселмей жүретін жерлерді таңдамақ болған. Өз көліктерінің шамдарын алдын ала сөндіріп, көліктің шағылыстыратын элементтерін жапсырып қоюға тырысқан. Қарақшылар ауыр жүкке жақындап, онымен түйісу кезінде ілгегі бар арнайы жасалған баспалдақ көмегімен жүк көлігінің төбесіне көтерілген. Екеуі жүк көлігінің төбесіне шығып, тенттің жоғарғы бөлігін кесіп, біреуі жү көлігінің ішіне кіріп, екіншісіне тауарды беріп отырады. Оның барлығы жол жиегіне лақтырылған. Біраз уақыттан кейін, сыбайластары ГАЗель автокөлігімен тауарларды жинауға кіріскен. Ұрланған заттарды сатуға Алматы қаласындағы таныстары көмектескен. Қазіргі уақытта бірнеше адамның бұл қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр," – деді Жетісу облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Әбдікенов.

Оларды ұстау кезінде Жетісу облысының, Алматы оқаласы және облысында 30-дан астам тінту іс-шарасы өткізілді.

Соталды тергеп-тексеру ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі ("Қылмыстық топ жасаған ұрлық") бойынша жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды. Полицейлер басқа зардап шеккен адамдарды анықтау және ұсталғандардың ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру жұмыстарын жалғастырып жатыр.