Жетісу облысында жұмысшыларға араша түскен депутатты өлтіріп кетті: Шенеунік туралы не белгілі

0
611

Аудандық мәслихат аппараты әріптесі Дәурен Слямовтың қайтыс болғанын растады.


Жетісу облысында жұмысшыларға араша түскен депутатты өлтіріп кетті: Шенеунік туралы не белгілі

ERNUR.KZ. Үшарал қаласында жұмысшыларға араша түскен 34 жастағы мәслихат депутатын пышақтап өлтіріп кетті. Қаскөй оқиға орнынан бірден ізін суытқан, деп жазады stan.kz.

Айта кетейік, 15 қаңтарда сағат 15:25-те полицияға Үшарал қаласында салынып жатқан нысандардың бірінде мас ер адамның жұмысшыларға тиісіп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Полицейлер күдікті 24 жастағы азамат жұмысшыларға араша түскен 34 жастағы ер адамға пышақ салып, кейін оқиға орнынан бой тасалағанын анықтады. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды. Көз жұмған адамның Алакөл аудандық мәслихатының депутаты Дәурен Слямов екені анықталды.

Аудандық мәслихат аппараты әріптесі Дәурен Слямовтың қайтыс болғанын растады. Белгілі болғандай, 2023 жылдың наурыз айында қаза тапқан адам Алакөл аудандық мәслихатының депутаты болып сайланған. Дәурен Слямов ауыл шаруашылығын дамыту, экология, көлік және байланыс, құрылыс, индустриялық-инновациялық және энергетикалық инфрақұрылым мәселелері жөніндегі комиссияның мүшесі болған.

Дәурен Слямов Қазақстан халықтық партиясының мүшесі болғаны да белгілі. ҚКП сайтында қаза тапқан депутат партияның Жетісу облыстық филиалының қатарында болғаны көрсетілген. Дәурен Слямовтың аудандық мәслихаттағы әріптестері оның депутаттық корпустың қызметіне белсенді қатысқан жанашыр адам екенін жарыса айтты.

"Жақсы адам, жақсы депутат, белсенді жұмыс істеді, Әрқашан жауапкершілігі мол азамат болды. Ол өзі құрылыс саласында қызмет атқарған. Қайырымдылық іс-шараларына да атсалысатын. Оның жеке құрылыс нысаны бар еді. Жұмыста құрылысшылардың ортасында түсініспеушілік шыққанын естіп, соңы дауға ұласқан. Ол жерде болмағандықтан, жайттың нақты қалай болғанын айта алмаймын", – деді Алакөл аудандық мәслихат аппаратының басшысы.

Мәслихат аппараты Дәурен Слямовтың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Дәурен Слямовтың Facebook парақшасында 2023 жылғы наурызда парламент мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлауға дайындық кезінде түсірілген фотолар сақталған. Кадрлардан Дәурен Ислямов құрылыс нысандарына барғанын көруге болады.

"Қоңырау түскеннен кейін бес минутта оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ұсталған азамат Алакөл аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажет сараптамалар тағайындалды", – делінген Жетісу облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Полиция департаменті тергеу мүддесіне сай басқа мәліметтер жарияланбайтынын айтты.