Бұл жерге Талдықорғаннан қосымша күштер жіберілген.
ERNUR.KZ. Жетісу облысындағы Ешкіөлмес ауылындағы төрт көшені су басты, деп жазады zakon.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, бүгін, 12 тамызда Жетісу облысының Ескелді ауданы Ешкіөлмес ауылында қатты жауған жауын-шашын салдарынан елді мекеннің төрт көшесін су басты.
Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің күштері жұмылдырылған. Су басқан аумақтардың тұрғындары жартылай эвакуацияланып жатыр.
Бұл жерге Талдықорғаннан қосымша күштер жіберілген.
Зардап шеккендер жоқ.